Aqmeshit-aptalygy.kz – Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қызық оқиға туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, ұлдары үшін Манчестерге барып, футболмен айналысуына жағдай жасаған.
«Мен жаман жыбырлақ мама едім. Ұлдармен футболдың соңынан қуып, 2019 жылы Манчестерге бардық. 1 ай бойы ұлдар футболмен айналысты. Сол кезде 2 қазақ баланы көріп таңғалғанмын. 11, 13 жасар балалар елден Манчестерге жалғыз ұшып барған ғой. Өз-өздері үшін жауапкершілік алатын балалар. Ағылшын деңгейі сонда advanced еді. …Бала болудан қорықпау керек. Оның үстіне ұл баланың анасына қандай ойынды жақсы көреді, бірге ойнау керек», – дейді тележүргізуші.
Журналист тұңғышына марқұм әкесінің сағатын берді.
«Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде… Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйырса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Туған күніңмен! Көп сөз жазып, естеліктермен бөліскім-ақ келеді. Бірақ мына видеодағыдай тамағымда бір өксік тұр…» – деп жазды ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!