Жұма, 03 мамыр, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қарсы келмейтін, орамал тағатын»: Әнші Садраддин қандай қыз іздеп жүргенін айтты

07.07.2023

445 0

Жастар арасында танымал әнші Садраддин «Қызық Live» бағдарламасына сұхбат беріп, өзіне қатысты сауалдарға жауап берді. Жас әншінің айтуынша, қазіргі таңда оның сүйіктісі жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Бағдарлама барысында әнші көптеген сауалдарға жауап берді. Ол қандай жандарды идеал көретінін, адаммен дұрыс амандасудың маңызын, әндерін неге орыс тілінде жазатынын баяндады. Айтуынша, жас әнші қарапайымдылықты жаны сүйеді. Сондықтан, тәкаппар, сәлемді дұрыс алмайтын кісілерді ұнатпайтынын айтып қалды. Шоу жүргізушілерінің «сүйген жаның бар ма?» деген сұрағына әнші: «Қыз жоқ. Іздеп жатырмын. Анама қамқор болатын, үйдің тірліктеріне көмектесетін, орамал тағатын, шайын беретін, қарсы келмейтін қыз керек», – деп жауап берді. Садраддин жасы қырықтан асса да, 18 жастағы жұбайы бар ер адамдарға қатты қызығатынын, болашақта өзі де сондай болғысы келетінін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: