Жексенбі, 28 сәуiр, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қатал болуына себеп көп болыпты»: Жазира Байырбекова енесі туралы айтты

04.07.2023

370 0

Танымал әнші Жазира Байырбекова “Менің өмірім” бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бұған дейінгі сұхбаттарында алғаш келін болып түскенде енесінің өзіне қаталдық танытқанын айтқан болатын. Бұл жолы мұндай қарым-қатынастың себептеріне тоқталды.

“Екеуіміздің де отбасымыз қарапайым еді. Ол кезде өмір сүру, өмірдің рахатын көру деген түсінік болмады. Адамдар жан бақты. Ол замандар күн көріп, тамағын тауып жейтін заман болды. Материалдық жағдайы жақсы отбасылар сирек кездесетін. Енем мүмкін бізді жақсы отбасы болып кету үшін қатал тәрбиеде ұстаған болар. Мен келін болып түспей тұрып үш жыл бұрын қайын атам өмірден өтіпті. “Шал өмірден кетті. Мен бұларға бас-көз болуым керек” деп ойлаған шығар. Менің алдымда бір келін түсіп, ол кетіп қалыпты. Мүмкін, мені де сондай қыздардың бірі деп ойлап қалған болар. Әйтеуір мұның бір себептері болған шығар. Мен өзім Шымкент облысының қызымын. Шымкенттіктер десе қорқатын заман болған, қазір де солай. Қазір ойласам, маған қатал болуына себеп көп болыпты”, – дейді Жазира Байырбекова. 

Әнші енесімен қазір қандай қарым-қатынаста екенін жасырмай айтты.

“Қазір енемнің мені шын көңілімен жақсы көретінін, маған тілекші екенін білемін. Ол кісі келіндерін көп мақтай бермейді. Бірақ маған: “Сен – Алланың маған берген бағысың” деді. Қазір осындай жылы сөздерін айтып тұрады. Өткеннің барлығы өмірге сабақ. Кейбір нәрсе білместіктен жасалса, кейде жақсылықтың жолында жасалады. Қазіргі келіндерді бұрынғылардың қалыбына сала алмаймыз. Мен өзімнің келін болып түскендегі хәлімді өөз келінім көрмесе екен деймін. Өйткені ол – болашақ балалардың анасы. Немерелерінің, болашақ ұрпақтарының дені сау болсын десе, оның анасының дені сау болу керек, келіндердің көңіліне қаяу салмауымыз қажет. Әр түрлі жағдайлар болады, қатып қалған ереже жоқ. Мінезге байланысты түрлі жағдайлар болады, кейбірінің болмысы басқа болады”, – дейді өнер иесі.

Бұған дейін әнші анасының сырқаты туралы айтқан болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: