Бейсенбі, 25 сәуiр, 07:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық оқушы жас ақындар айтысында бас жүлде алды

13.03.2022

1191 0

Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін айтысқа өңіріміздің атынан қатысқан Шиелі ауданы №206 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ержігітова Дильназ дарынымен дараланып, бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақтың төл өнері айтысқа оқушыны әкесі Асхат Амиров дайындаған. Оның айтуынша, Дильназ төл өнерімізді жастайынан меңгерген. Ол қызының алар асуы әлі де биік екендігіне сенімі мол.

Айта кетейік, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас айтыскерлердің арасынан оқ бойы оза шапқан Дильназ бұл кезге дейін де түрлі додаларда жеңіске жетіп, ауданның ғана емес, аймақ абыройын асқақтатуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: