Сенбі, 27 сәуiр, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Шебердің қолынан шыққан бұйымдар

05.08.2023

320 0

Бағзы заманда қазақтар ағаштың қасиеті мен қадірін жоғары ба­ғалаған. Себебі ертеде баспанасы  –киіз үйден бастап, қасығына дейін ағаштан жасалған. Ал қазіргі таңда қолданыстағы түрлі тұрмыстық заттар ағаштан жасалып ғана қоймай, түрлі технологиялар арқылы жүзеге асады.

Бүгінде заман көшіне ілесіп жаңа технологиялардың түрлері көбеюде. Соның бірі – ағашты лазермен кесу технологиясы. Бұл технология ар­қылы түрлі бұйымдар жасап, тұтынушылардың көңілінен шығып жүрген қолөнер шебері кемде кем. Десе де 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Талант Сақтаған есімді қол­өнер шебері 2 млн көлемінде мем­лекеттік грантқа ие болған. Осылайша ол лазермен ағашқа ойып жазу кәсібін қолға алған.

Қолөнер шебері мемлекеттік гранттың қаражатына лазерлік қондырғыларды сатып алған. Осы қондырғылардың көмегімен ағаш­тан тойбастар, кәдесыйлар мен түрлі бұйымдар жасайды. Бүгінде кейіпкерімізге тапсырыс берушілер көп келуде.                

– Ең алғаш ағаштан ойып жасаған затым – ол оқушылардың  қолданысындағы сызғыш. «Мұндай кеңсе тауарының түрлері дүкенде самсап тұр» дерсіз. Біздің өнімнің ерекшелігі сол, арнайы тапсырыспен, балалардың есімін ойып тұрып жа­саймыз. Әрі бағасы да қолжетімді. Жұмысты бастағанымызға аз уақыт болса да, өнімдерімізге сұраныс артып жатыр. Кәсіпкерлікте ең алдымен өз ісіңді жақсы көру керек. Қазір ғаламтор арқылы көптеген идеяларға қол жеткізуге болады. Тек ерінбей жалықпай, еңбектене білсеңіз болғаны, – дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар шебер тұтыну­шылардың тапсырысы мен сұра­нысы­на қарай ағаштан қойын дәптері, жұмыс үстеліне қажетті бұйымдар, түрлі кәдесыйлар жасау арқылы өзінің шығармашылығын дамытуда.

Сондай-ақ кәсіпкер лазерлік кесу технологиясы арқылы ағашқа шежіре жазу тәсілін де меңгеруде. Онда әр отбасының руы, ата-бабалар тізімі жазылады. Бұл келешек ұрпаққа естелік болып қалмақ. Ағаштан жасалған шежіре әрбір шаңырақтың төрінде тұруы тиіс мұрағат.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: