Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Шымкенттің қызы болған соң қатты қорыққан»: Жазира Байырбекова

30.11.2024

537 0

Фото: istockphoto.com

Әнші Жазира Байырбекова енесінің қатал болғаны туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол келіндік қызметі туралы «Мамский әңгіме» YouTube бағдарламасында айтты.

«Енем өте қатал болғаны рас. Оны көршілер де айтады. Сен біздің ауылдағы келінге өте қатал қарайтын үйге келдің-ау деп. Маған дейінгі келіндер одан да қатты қаталдықты көрген. Ал менен кейінгі келіндер ондай қаталдықты көрген жоқ. Ол кезде енемнің жасы үлкейді. Немерелері көбейді. Қазір мейірімді әже, немерелерінің бәрі жақсы көреді. Ал мен келін болып түскенде жастау болды», – дейді Жазира Байырбекова.

Әнші сөзін жалғай отырып, ол уақытта қайын атасы қайтыс болған шақ екенін де тілге тиек етіп өтті.

«Оның үстіне атамыз қайтыс болған, барлық жауапкершілік өзіне қалған. Оларды қатал ұстамасам болмайды деп. Мен оның үстіне өнер адамы, ерке болғанмын. Менің суреттерім газеттердің, журналдардың бетінде тұратын. Міне, келіндеріңіз осы деген соң, оны дұрыстап тәрбиелемесек, ол жұлдызбын деп асқақтап кететін шығар деп ойлаған болуы керек деп ойлаймын. Оның үстіне Шымкенттің қызы деген соң қатты қорыққан. Кез келген өңірде Шымкенттің қызы десе, әлі де сескену бар ғой», – дейді әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: