Жұма, 26 сәуiр, 10:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік

05.04.2022

866 0

Отыз жыл құтты болсын азаттығың,

Ие болған елдікке ғажап күнің.

Ту ұстап тәуелсіздік тұғырында,

Жаһанға мәлім болған қазақтығың.

Нәсіп болған бабалар ерлігімен,

Қорғаған байтақ жерді өрлігімен.

Әлемде тоғызыншы орынға ие,

Даламның мақтанамын кеңдігімен.

Жер жастанған желтоқсан ызғарында,

Ұлың батыр, ержүрек қыздарың да.

Тәуелсіздік төгілген қан мен терің,

Ұмытпайық кеудеде сыз барын да.

Бүгінде еркін елміз егеменді,

Бейбіт күнде жырымды төгем енді.

Жер жүзіне айқайлап жар саламын,

Білсін деп Қазақстан деген елді.

Мунира АМАНТАЕВА,

№222 мектеп оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: