Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал әншінің баласы жол апатына түсті

17.07.2023

668 0

Әнші Өмірқұл Айниязовтың ұлы Нұртуған той алдында жол апатына түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялап, жазба қалдырды.

«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» деуші еді қазақ. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам. Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, артын күттік. Шүкір жақсы, ағайын, тойда жолығайық», – деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Әнші Өмірқұл Айниязов сұхбатында ұлын үйлендіріп, Семей өңірімен құда болатынын жеткізген еді. 

Желі қолданушылары өнерпаздың ұлына жазба қалдырып, тез сауығып кетуін тіледі.

«Алла шипа берсін», «Тез сауығып кетсін», «Қорқыныштың арты қуаныш болсын», «Бұл да бір сынақ болар», «Аман болсын», «Жаманшылықтың бәрі сонымен кетсін»,- деп жазды олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: