Жұма, 11 қазан, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Тұрсынбек Қабатов ақын Серікзат Дүйсенғазының жастық шағын еске түсірді

19.09.2024

302 0

Сурет: Фото: Жеке парақшалардан алынды

Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазының әйелімен қалай танысқанын актер Тұрсынбек Қабатов айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Жақсы адамдарым” бағдарламасында қонақ болып, жастық шаққа саяхат жасады. 

“Біз де жас болдық. Астанада “Баян” деген кафеде үнемі бас қосамыз. Бойдақ кезіміз. Бәріміз сол жерге қыздарымызбен келеміз. Бір күні Серікзат Айнұрды алып келді. Ол бірауыз қазақша білмейді. Солтүстік өңірінің қызы. Секең орысша білмейді. Айнұр көп сөйлемейтін. Бір күні сондай отырыстың бірінде, Айнұр тұрып: “Серікзат, я пошла домой” деді. Досымыз да саспай: “Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз” деді. Отырған адамдар ду күлді. Біз екеуің қалай сөйлесесіңдер?!” деп күлетінбіз”, – деді актер. 

Сондай-ақ әйелдеріне еріп орысша сөйлеп кететін ер-азаматтарға ақынды үлгі етті. 

“Көп ер-азамат Серікзаттан үлгі алса екен деймін. Әйеліне еріп, орысша сөйлеп кетпей, жарын қазақша сөйлетіп жіберді. Қазір Айнұр қазақшаны Серікзаттан да артық біледі. Балалары да сондай тәрбиелі, қазақша ғана сөйлейді”, – деді өнер иесі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: