Жексенбі, 08 желтоқсан, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Үкімет үнімді естіді»: Баян Мақсатқызы

05.09.2024

317 0

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдардың жөнделгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, продюсер туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін айтып шағымданған еді.

“Мен жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана “колхоз”. Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті», – деген еді өнер иесі. 

Көп ұзамай орталық көшелердің жөнделіп жатқанын көрсетіп, жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 

“Үкімет менің үнімді естіді. Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты ғой. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен?», – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: