Сәрсенбі, 08 мамыр, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық музейде Сыр суретшісі Яссауи Ағытаевтың көрмесінің ашылуы болды

29.07.2023

384 0

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық Музейде ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы Яссауи Ағытаевтың «Дәстүрге толы өмір» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Дәстүрлі-мәдени контекстте өзіндік бірегейлікті іздейтін отандық суретшінің шығармашылық жұмыстары қойылған шараға мәдени және саяси қайраткерлер, танымал суретшілер мен өнертанушылар қатысты.

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Алиев суретшіні жеке шынармашылық көрмесінің ашылуымен құттықтады.

Көрме қонағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов бұрынғы мен бүгінгінің сабақтастығын үйлестірген суретшіге өз лебізін білдіріп, Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.

Өз кезегінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев Яссауи Ағытаевты көрмесінің ашылуымен құттықтап, көрмеге сәттілік тілей отырып, ҚР Ұлттық музейінің директорына және музей ұжымына Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының Алғыс хатын табыстады.

Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпына толы өмірі бейнеленген картиналары қойылған көрмеге шебердің 70-тен астам туындылары қойылған.

Яссауи Қалдашұлының шығармашылық көрмесін Ұлттық музейдің 6 қабатында орналасқан уақытша көрме залынан 27-ші тамызға дейін тамашалауға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: