Сенбі, 27 сәуiр, 09:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

169 қылмыс анықталды

08.11.2021

604 0

Биылғы жылдың он айында 169 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың – 10, есірткі сатудың – 22, есірткі өсірудің – 41 дерегі анықталды. Сондай-ақ заңсыз айналымнан барлығы 143 келі есірткі заты тәркіленсе, оның 352 грамы синтетикалық есірткі құралы болып шықты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Еркін Тұңғышбай мәлімдеді.

«Жыл басынан бері есірткімен байланысты қылмыстық теріс қылықтардың 90 дерегі анықталды. Әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткіні тарату деректерін анықтау мақсатында департаменттің қызметкерлері қала көлемінде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Тиісінше, облыс орталығында синтетикалық есірткі жасырылған 75 нүкте табылды. Ауқымды іс-шаралардың барысында аталған қылмысты жасаған Қызылорда қаласының тұрғыны құрықталды.

Республика көлемінде 1 маусым – 30 қазан аралығында өткізілген «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі өсірудің 41 дерегі тіркелді. Нақтырақ айтсақ, 16 дерек далалық аймақтан, 25 дерегі үй ауласынан және саяжайдан табылды. Есірткі өсіргені үшін барлығы 52 азамат ұсталды. Оқиға орнынан барлығы 14 мың түптен асатын сора өсімдігі жойылды», – деді Еркін Қаржаубайұлы.

Айта кетейік, тамыз айынан бастап құмды далалық аймақтарға 21 рет әуеден шолу жасалған. Бірлескен іс-шараның барысында 8 есірткі алқабы анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: