Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ақмола облысында 4 мина табылды

02.06.2021

1143 0

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ақмолалық полицейлер өңір аумағынан табылған миналарды залалсыздандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусымда Жарқайың аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторынан телефон хабарламасы келіп түсті.

«Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағында учаскелік инспектор әскери минаға ұқсас цилиндр пішінді металл заттарды тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды. Снарядтарды анықтау аумағы дереу қоршалды. Тексеру барысында мамандар баллистикалық зымырандарға арналған ескі шахталардан КСРО-ның танкке қарсы төрт минасын анықтады. Жалпы, миналар өте тозған, таттанған және механикалық істен шыққан», – деді ведомстводан.

Алайда, мұқият тексеру кезінде екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды тасымалдау қауіп туғызды. Сол себепті, бұл миналар сол жерде залалсыздандырылды. Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: