Жұма, 26 сәуiр, 09:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

03.11.2022

415 0

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы ақпарат бойынша АрселорМиттал Теміртау кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Тағы бір адамның денесі табылды», –  делінген хабарламада.

Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапты.

Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін Шахтинск қаласының орталық ауруханасына 4 зардап шеккен кенші жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

«Зардап шеккендердің екеуі Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында. Консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жетті», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: