Жұма, 11 қазан, 08:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Картоп ішіне телефон тығып әкелген

20.09.2022

738 0

Картоп ішіне телефон салып әкелген азаматқа сот үкімі тағайындалды.

 Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде Жедел бөлім және РжКБ- нің қызметкерлері тарапынан  сотталғандардың қолданылуына  тыйым салынған заттардың мекеме аумағына  кіргізу жолын анықтау  және жабу мақсатында елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде.

  Атап айтсақ, жедел бөлімнің жедел ақпаратына сәйкес, тергеу қамауындағы ҚР ҚК- 191 бабы 2-бөлігі бойынша айыпталушы 1993 жылғы  азаматқа тыйым салынған зат алып келгені белгілі болған.

Нәтижиесінде сол күні сәлем-сауқат бөлмесіне келген Б есімді  азаматтың  алып келген  тамақ өнімдері ішінен  ұялы телефонға қажетті заттар табылды.

  Дәлірек айтсақ, асылған картоп ішіне жасырылған 1дана «Beeline» сим картасы мен бір дана ақ түсті USB шнуры анықталды.

 Бұл бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдаған.

Бүгінгі таңда сот қаулысы бойынша Қызылорда қаласының 1994 жылғы азаматы ҚР ӘҚБ- 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік  жаза тағайындалды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: