Жұма, 26 сәуiр, 08:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қар жауып тұр…

22.01.2021

2222 0

Қыс басталғалы қардың әдемі жауғаны болды. Айналаны аппақ әлемге бөлейтін қардың не құдіреті бар екені белгісіз, адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бір мереке сияқты…

Айтпақшы, мереке демекші 20 қаңтар – дүнеижүзілік қар күні екен. Мерекенің мақсаты – спорт ойындарына деген қызығушылықты арттырып, белсенді өмір салтына үйрету. Сіз қар туралы қандай қызықты ақпарат білесіз?

***

Бірде-бір қардың көшірмесі жоқ. Яғни қар кристалдарының пішіндері қайталанбайды. Ғалымдар қардың пішіні олардың жауған жерінің жағдайына байланысты екенін айтқан.

 ***

Қардың сұлу ұшқынын алғаш рет америкалық фермер 1885 жылы Уилсон Бентли суретке түсірген. Бұл кадр 46 жыл бойы небір сәтсіз тәжірибеден өткен. Жалпы, Бентли бес мыңнан астам ерекше қар ұшқындарының суретін түсірген.

***

Қардың түсі тек қана аппақ емес. Бірақ адамдардың көбі солай санайды. Қар 95%- дай ауа молекулаларынан тұрады. Жарық сәулелері мұз кристалдарының шекарасынан ауамен шағылысады, соның себебінен қар ақ түске ие болады. Алайда, 1969 жылы Швейцарияда қап-қара қар жауған жағдайлар болды. Тіпті, Калифорнияда жасыл түсті қар жауғаны анықталған. Антарктикада және Кавказ тауларында қызыл және күлгін қар жамылғылары барын да көбі біле бермейді.

 ***

 Қар ұшқындарының 95%-ы ауадан, ал 5%-ы судан тұрады. Бұл олардың тығыздығының төмендігін көрсетеді. Соның салдарынан желсіз ауа райында қарлар сағатына 0,9 шақырым жылдамдықпен «құлап» кетуі мүмкін.

***

Қарды басқан кезде кристалдар сынатындықтан сықырлаған дыбыс шығады. Ол қардың температурасына байланысты. Температура неғұрлым төмен болса, дыбыс соғұрлым қатты болады. Дыбысты күшейту үшін қарды күнделікті қолданып жүрген қант және тұзбен қосып қысқанда ерекше дыбыс шығады. Бұл әдіс фильмді немесе театр қойылымын дыбыстауға көмектеседі.

***

Қардың стандартты диаметрі – 5 мм., салмағы шамамен – 0,004 гр. Ал қардың бір шаршы метрінде шамамен 350 миллион ұшқын болады. Алайда, ерекше жағдайлар бар. 1887 жылы америкалық Форт-Кьюденің айтуынша, диаметрінің ұзындығы 38 см., ал қалыңдығы 20 см. болатын қарды көрген.

***

 Бір қызығы, жер тұрғындарының 50% -ы қарды ешқашан көрмеген. Сонымен қатар, ғаламшардың ең күтпеген жерлерінде қар жауған. 2016 жылы Сахарада қар жауғаны бүкіл елді таңқалдырды. Алғаш рет 1979 жылы шөлдің құм төбелері қар жамылғысына оранып, жарты сағат бойы сақталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: