Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Қазақалтын» шотынан 1,5 млрд теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды

10.03.2021

1162 0

«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинатының шотынан 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржы ұрланған. Күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биылғы 23 ақпанда «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ өкілдері компанияның шотынан 1 миллиард 533 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді.

Аталған қылмысты ашу үшін криминалдық полиция және тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ағымдағы жылғы 26 ақпанда полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында екі күдіктіні ұстады. Оның бірі 37 жастағы қаржы бөлімінің қызметкері болса, екіншісі оның 38 жастағы азаматтық некедегі күйеуі. Күдіктілерге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді ведомстводан.

Тергеу органы тергеу шеңберінде залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

«Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды», – деп толықтырды ведомстводан.

Еске салсақ, жақында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: