Сәрсенбі, 24 сәуiр, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қой бағуға шығып, боранды түнде жоғалып кеткен

18.11.2021

581 0

       Кеше, қарашаның 16-сы күні сағат 09:10 шамасында Қазалы ауданы, Кәукей ауылдық округі, Ажар елді мекенінің тұрғыны 22.11.2009 ж.т. кәмелетке толмаған Дәулетбай Жанарыс Ғалымжанұлы есекке мініп, елді мекеннің кезекпен бағылатын шамамен 200 бас қойын шығыс беткейдегі 10 – 15 шақырымда орналасқан «Үш ағаш» деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алып, үйіне қайта оралмаған.  

         Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай – ақ, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғындары, жасөспірімнің  туған – туыстары, жедел құтқару қызметі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, шекара қызметкерлері және автокөліктер мен  арнайы техника  жұмылдырылған болатын. 

           Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында болды.    

         Бүгін, шамамен сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Қазалы ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Еркін Жақсылықов пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция капитаны Самалбек Нысанбаев ауыл тұрғындарымен, шекара қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлерімен   бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесіндеаудан орталығынан 210 шақырым қашықтықта жайылымдықтан 15 шақырым жерде сайдың ішінен жасөспірімді аман – есен тапты.  Жоғалған  мал да түгел  табылды.        

        Қазіргі уақытта аман табылған бала ата – анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп  төніп тұрған жоқ. Полицейлер жасөспірімнің ата – анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән – жайларын анықтауда.      

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: