Жұма, 19 сәуiр, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сегіз жасар оқушы Қазақстанның Шекара қызметіне қабылданды

24.10.2021

644 0

Ақтаулық сегіз жасар оқушы Ұлан Төлеуханов еліміздегі «ең жас шекарашы» атанды.

Жуырда жеткіншекті Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Дархан Ділманов «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде жас өрен Каспий теңізінің аумағын күзетуге үлес қосып жүр. Құрдастары телефонда ойын ойнаса, жас шекарашы қызығушылығын күнделікті ісіне айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Кемеде командирдің қызметі қиын деп ойлаймын, ол теңізшілерге тапсырма  береді, қателік болып қалса, ойланады, қайтадан айтып, істетеді. Қателік болмау керек. Ауа-райы жаман болуы мүмкін, шайқалып жатуы мүмкін. Достарым да көрді, суреттеріме қарап қызығады, медаліме, формама қызығады», – дейді шекара қызметінің үздігі Ұлан Төлеухан.

Ұлан айына кемінде 3 рет осында келеді. Мұнда күні бойы сарбаздарға көмектесіп,  түрлі тапсырманы орындайды. Әскери көлікте өзін еркін сезініп, кәдуілгі теңізшілердей әрекет етеді. Ата-анасы да ұлын қолдайды.

«Үйінде жүргендей сезініп жүреді. Жас сарбаздармен тіл табысып алған, командирлердің бәрін біледі. Ұланның шекара қызметінде туылғаннан бастап, менімен бірге шекара қызметінде шекара заставаларына шығып жүрді. Әскери киім кигісі келді. Жұмыстан келген уақытта фурашкамды, көйлегімді киіп жүреді, төсбелгілерімді тағып жүреді», – дейді әкесі, ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы департаменті әскери-патриоттық басқармасының аға офицері Ерсін Қайбуллин.

Ұлан «Жас шекарашы» әскери патриоттық үйірмесінің мүшесі. Осында әскери қызметтің алғашқы әліпбиін таныған. Түрлі шараларға атсалысып, департамент ұйымдастырған патриоттық конкурстарға қатысады. Сондықтан да арнайы төсбелгі алып, экипаж мүшесі болуға мүмкіндік алған.

«Ұлан таудай талабымен Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің беделін көтеруге атсалысуда. Клубтың басты мақсаты – жастарымызды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс шара бойынша ардагерлермен кездесу, сұхбаттар өткізу, сонымен қатар әскери бөлімшелерге барып, қару-жарақ, техника түрлерімен танысу, ашық есік аясында бір күндік әскери қызметшілерің, шекарашылардың өмірімен танысу жоспарлануда», – деді ҚР ҰҚК ШҚ МО департаменті тәрбие-идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері Рамиль Жексенбаев.

Ақтауда әзірге бір үйірме бар. Алдағы уақытта тағы екеуін ашу жоспарланған. Осылайша, Ұлан сияқты жас патриоттарды дайындау көзделіп отыр. 

Айта кетері, шекара қызметі тек жағалауды күзетпей, браконьерлерді де қолға түсіреді. Ұлан да болашағын осы мамандықпен байланыстырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: