Жұма, 11 қазан, 05:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

ШҚО-да мемтапсырыспен жұмыс істеген екі кәсіпкердің үстінен іс қозғалды

19.09.2024

119 0

Фото; Baq.kz

Энергетика саласындағы жөндеу жұмыстарымен айналысатын шығысқазақстандық және павлодарлық кәсіпкерлердің арасында өзара келісім болған деген күдікпен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Наталья Петрова мәлім етті.

Осы іске қатысы бар екі кәсіпкер де мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істеген болатын. Егер, бұл дауға байланысты күдік расталса, тиісті шаралар қолданылады. Бұдан бөлек, өңір тұрғындары тарапынан келіп түскен арызға байланысты негізсіз баға өсірді деген айыппен бір кәсіпкердің үстінен іс қозғалды, – деді департамент басшысы.

Наталья Петрованың айтуынша, жыл басынан бері департамент қызметкерлері облыс аумағында үш тергеу жұмысын жүргізген екен. Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жоюға бағытталған ұйғарымдар шығарылған. Бұдан бөлек, департамент Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша 12 хабарлама шығарған. Бүгінгі күні оның тоғызы орындалып, біреуі орындау сатысында, ал орындалмаған екі хабарлама бойынша тергеу жүргізілген. Брифингке қатысқан департамент басшысы осылай деді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу үшін «Сейком» ЖШС-не бір реттік ескерту жасалды. Мұндағы басты мақсат – жөн-жосықсыз әрекеттердің алдын алу, – деді Наталья Петрова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: