Бейсенбі, 28 наурыз, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Aleks» мектебіне 25 жыл толды

24.04.2023

651 0

Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында “Aleks”мектебінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Алдымен өнерсүйер қауымға мектептің құрылу тарихы бейнеролик арқылы таныстырылды. Бұл күні өнер ордасының құрылуына бар күш-қайратын аямай, негізін қалаған, қаншама қиын кезеңдерден мойымай өткен өнер жанашыры Ким Елена Алексеевнаға ерекше қошемет көрсетілді.

Мерейтойға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов қатысып, жылы лебізін білдірді.

“Бүгін облысымыздағы белсенді би мектептерінің бірі «Aleks» мектебінің құрылғанына 25 жыл толды. Би мектебінің ұжымын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!Бұл шарамызға арнайы республикалық Коре Ильбо басылымынан келген делегациясы қатысып отыр. Сыр еліне қош келдіңіздер құрметті қонақтар! Қазақстан мен Корея республикаларының өзара қарым-қатынасына былтырғы жылы 30 жыл толды. Сонымен қатар Қызылорда облысындағы «Қазақстандағы кәрістер ассоциациясы» филиалының құрылғанына да 30 жыл болды. Бұл айтулы тарихи даталарды бірлесіп атап өткен болатынбыз”, – дей келе, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың Құттықтау хатын мектептің, Корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Елена Кимге табыстады.

Концерт ересектер тобының биімен ашылып, мазмұнды туындылармен жалғасты. Сахнада Қазақ эстрадасының жұлдызы жерлесіміз Гүлнұр Оразымбетова, Наталья Махмудова, скрипкашы Анастасия Мусинова және саксафоншы Ғалымжан Ұлықпан өнер көрсетті.

Концерт соңында қаладағы би өнерінің майталмандары “Aleks” ұжымын құттықтап, Елена Кимге өз ризашылықтарын білдіріп, сый-сыяпат жасады.

25 жыл бұрын би мектебінде өнер қуған алғашқы түлектер де келіп, өз жүрекжарды лебіздері мен шынайы ықыластарын білдірді. Сол кезеңдердегі есте қалған қызықты сәттерімен бөлісіп, көрермендерді ерекше билерімен тамсандырды.

Айта кету керек, мектеп өнерпаздары репертуарындағы билердің әрқайсысының мазмұны сан қилы, кейбірі жеңіл болса, енді бірінің орындалуы қиын, әйтсе де олардың бәріне ортақ ерекшелік – өнерге деген сүйіспеншілік бар.

Расында да, мектеп бишілерінің түрлі нақыштағы әсем қимыл-қозғалыстарына жергілікті жанашыр жұрт қана емес, шетелдерде де ерекше сүйсініп, тамсанады. Олай болса, “Aleks” мектебіне шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат тілейміз! Өнерді өркендету жолындағы жұмыстарыңыз жандана берсін!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: