Жұма, 11 қазан, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Аспалы көпір ашылады

06.02.2021

6530 0

Жылдағы дәстүрмен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың халық алдында есепті кездесуі басталды. Пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған кездесуде шаһар басшысы алдымен қалаға қарасты екі кент тұрғындарына есеп берді.

Былтырғы жағдай баршаға белгілі. Індеттің қай салаға болмасын кері әсер еткені рас. Соған қарамастан экономикалық, әлеуметтік мәселе, қаланың өсіп-өркендеуіне қатысты жұмыстар қалыс қалған жоқ. Қиын-қыстау кезеңде атқарылған жұмыстар жайын қала әкімі айрықша атап өтті.

Алдымен қала бюджетіне тоқ­талсақ, былтыр жыл басында 69 млрд теңгеге бекітілген көрсеткіш жыл соңына дейін 94 млрд теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі артып, инвестиция тарту 105 процентке, ауыл шаруашылығы сала­сы өнімін өндіру 102 процентке артығымен орындалған. Бұл қатарда кәсіпкерлік саласы да бар. Мемлекеттік бағдарламалар аясында бұл бағытта жемісті жобалар жүзеге асқан. Мәселен, бүгінге дейін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 161 жоба қар­жыландырылса, тағы 30 жоба қолдау тапқан. Сол сияқты «Қарапайым заттар экономикасын дамытуда» 13 жобаға тиісті қаржы бөлінген.

Жұмыссыздықты жоюда бірнеше ба­ғыттан тұратын «Нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жыл­дарға арналған бағдарламасымен» қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 659 азамат жолдама алып, 2511 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылса, жастар тәжірибесімен 1838 жас маман тұ­рақты жұмыс табуға мүмкіндік алған. Кәсіпкерлік бастамасын қолдау бағы­тында 125 тұрғынға несие, 1355 аза­матқа мемлекеттік грант бөлінген.

Қалада тұрақты әрі нәтижелі ат­қарылған жұмыс ретінде тұрғын үй мәселесін айтуға болады. Бұл ретте өткен жылы 1342 қызылордалыққа үйдің кілті табысталған. Осылайша облыс орталығындағы құрылыс жұ­мыстары 125 процентке жеткен. Құ­рылыс жұмысының қарқын алуына білім беру ұйымдарының бой кө­теруінің де өзіндік әсері бар. Соңғы уақытта қаланың жаңадан бой көтерген аудандарында білім ошақтарын салу қолға алынған. Оған қоса жекеменшік мектептердің де артуы бұл саладағы бірқатар мәселенің оң шешімін табуына ықпал етпек. Былтыр Жаппасбай батыр көшесі бойынан 600 орындық мектеп, 500 орындық «Зерде» жеке мектебі ел игілігіне берілді. Қазіргі таңда «Бәйтерек», СПМК 70 шағын ауданында 600, «Саяхат» мөлтек ауданында 300 орындық білім ордасының іргесі қалануда.

Облыс орталығының және оған қарасты кент пен ауылдардың инфра­құрылымын жақсартуда да біршама тірлік атқарылды. Өткен жылы қала бойынша жол құрылысы, кәріз, жылу құбырларын жүргізу, қайта жаңғырту сынды жұмыстар тоқтаусыз жүргізілді. Республика мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 408 көшеге жөндеу жұмысы жүргізілсе, «Жұмыспен қам­тудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасымен» мәдениет, білім ны­сандары, парктер мен аллеялар қайта жөндеуден өтті. Қала тұрғындары мен балалардың спортпен шұғылдануы үшін спорт, ойын алаңдары бой көтерді. Мұндай жұмыстар тек қала көлемінде емес, шет аймақтар мен елді мекендерде де жүзеге асты.

Тышқан жылы қиындығымен келсе де, тоқтаусыз атқарылған тірлік легі осындай. Жыл бойы жүзеге асқан жұмыстар сараланған соң, кезек тұрғындарға жетті. Тасбөгет кенті тұрғындары жол жөндеу, аспалы көпірдің құрылысы, №4 қалалық емхананы қайта салу сынды мәселені көтерді. Әкім өз кезегінде өткен жылы бастау алған жол жөндеу жұмысының жалғасатынын, шет аймақ шетте қалмайтынын, аталған мәселе бойынша ұсыныс беріліп, кейбіріне тиісті қаржы қарастырылғанын атап өтті. Ал, аспалы көпірдің құрылысы жуырда басталатын болса, жаңа емхана салу үшін облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп шешім қабылданатынын жеткізді.

Жиын соңында қала әкімі жыл көлемінде атқарылған істермен бірге, індет жайлаған тұста вирус жұқтырған жұртшылыққа барынша көмек қолын созып, қаржылай қолдау көрсеткен ел азаматтарына, ерікті жастарға ерекше алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: