Сенбі, 21 желтоқсан, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Автобус келді, автобус!

18.11.2020

1034 0

Қаланың тынымсыз тіршілігінде діттеген жеріңе жету үшін қоғамдық көлікті пайдаланатынымыз рас. Яғни бүгінгі таңда қалаішілік маршрутқа деген сұраныс жоғары. Міне, сол сұранысты қанағаттандыру мақсатында кеше қаладағы қоғамдық көлік саны 13 автобусқа толықты.
Достық үйі алдында су жаңа автобустарды табыстау рәсіміне аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысты.

─ Бүгін облыс орталығы саналатын Қызылорда қаласының транзиттік әлеуетін дамыту бағытында автобус паркі жаңа 13 автобуспен толықты. Сырдың бас шаһарында Семей қаласындағы «СЕМАЗ» зауытында құрастырылып шығарылғанбұл жаңа автобустар жолаушылар тасымалын жандандыратын болады, ─ деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Автобус келді, автобус!

Айта кетерлігі, жаңа көліктердің сатып алуға облыстық бюджеттен 209 млн теңге бөлінсе, автобус паркінің өз қаражаты есебінен 242 млн теңге алынған. Нәтижесінде қала тұрғындарына жалпы сыйымдылығы 55 тасымалдауға мүмкіндігі бар қоғамдық көліктер қызмет ететін болады. Бұл автобустарда маршруттың жылдамдығын шектеу, қозғалыс интервалын бақылауға арналған GPS жүйесі бар. Одан бөлек, жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделген және экологиялық таза метан газымен қозғалады. Жолаушылардың автобусқа мініп-түсуі толықтай бейнебақылау камерасының бақылауында болады. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін арнайы пандуспен жабдықталған.

Қаланың автобус паркін толықтырған жаңа көліктер жолаушылар тасымалы басым болып саналатын №1 бағытқа қызмет ететін болады.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: