Жұма, 19 сәуiр, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Биыл Қызылорда қаласында 231 көше жөнделмек

12.01.2023

828 0

Биылғы жылы Қызылорда қаласында жол-инфрақұрылымын дамытуда да іргелі істер өз жалғасын таппақ. 2023 жылы бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы соммасы 10 млрд. 246 млн. теңгеге барлығы 231 көше жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Асылбек Шәменов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

«Нақтырақ айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасына 992,9 млн. теңге қаржы қаралып  Қызылжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Талсуат, Қызылөзек ауылдық округтерінің барлығы – 46 көшесіне;

– Ұлттық қордан бөлінген 299,8 млн теңгеге Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағына;

– Қызылорда қаласы – Жезқазған тас жолының бойындағы 150 га жерге қиыршық тас жол құрылысына 1 273,0 млн теңге, Қызылорда қаласының Сарысу көшесі бойындағы Шорғазы тұйығының қиыршық тас жолының құрылысына 43,0 млн.теңге және кенттер мен ауылдық округтердің 26 көшесіне қиыршық тас төсеуге 714,3 млн теңге; (Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай, Досан ауылдары, Бірқазан елді мекені және Тасбөгет кенті мен оған қарасты Сабалақ саяжайы).

– Қызылорда қаласы мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 106 көшеге облыстық бюджеттен орташа жол жөндеуге 1 752,6 млн.теңге; (Қызылорда қаласы бойынша 76 көшеге, Бөлкөл кенті бойынша 6 көшеге, Тасбөгет кенті бойынша 14 көшеге және Сабалақ саяжайына 10 көшеге.орташа жол жөндеу).

– 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға облыстық бюджеттен 690,0 млн. теңге;

– Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында басты көше жолының Батыс Европа-Батыс Қытай автотрассасымен жанасатын жеріне көлік айырығын салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 2 млрд. 131,8 млн.теңге;

– Н. Назарбаев даңғылынан «Қызылорда – Құмкөл» трассасына дейінгі Сұлтан Бейбарыс көшесін реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттен 2 349,0 млн. теңге бөлінді.

 Айта кету керек, аймақ басшысының тапсырмасымен Сұлтан Бейбарыс көшесін реконструкциялау кезінде облыстық мекемелер үйі  ғимаратының сыртындағы қоршау алынып, су бұрқақтар, орындықтар, гүлзарлар қойылып, абаттандырылатын болады. Осылайша қаламызда тағы бір халыққа арналған ыңғайлы орта қалыптаспақ, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: