Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесі

23.02.2021

8345 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономиканың жетекші күші – шағын және орта кәсіпкерлік деп атап өткен болатын. Осы бағытта қала көлемінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданып, нәтижесінде қарқынды өсу көрсеткіштері қалыптасып келеді. Халық игілігіне қызмет ететін кәсіпкерлік нысандары жыл сайын артып отыр.

Кеше қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов «Petro RetaiI» ЖШС-ның «Qazaq oiI» жанар-жағар май құю кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің бойында орналасқан кешен қала іргесіндегі Бірқазан елді мекенінің тұсынан салынған. Бір тәулікте екі ауы­сымда жұмыс жасайтын 23 маман тұрақты жұмыспен қам­тылып отыр.

– Қала аумағында кәсіпкерлікті дамытуға үкімет және қала әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі кешеннің іске қосылуы – кәсіпкерлікке көрсетілген қолдаудың жемісті нәтижесі. Кәсіпкерге кешен салуға қала әкімдігі тарапынан жер бөлініп, қалаға қосымша 700 млн теңге инвестиция тартылды. Жаңа жұмыс  көзі ашылды. Қазіргідей қиын кезеңге қарамай кәсіп ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтып жатқан азаматтарға алғыс білдіремін, – деді қала әкімінің орынбасары.

Заманауи стандартқа сәйкес салынған нысанда келушілерге барлық жағдай қарастырылған. Атап айтар болсақ, тамақтану орны, жуыну бөлмесі және сауда нүктесі бар.

– Осындай жаңа жұмыс орны ашылғанына өзім қуаныштымын. Былтыр ғана оқуымды бітіріп үйде бос отырғанмын. Енді, міне, өзім ұнататын жұмысым бар. Бұл біз секілді жастарға берілген мол мүмкіндік, – дейді «Qazaq oiI» жанар-жағар май құю кешенінің кас­сир маманы Жадыра Байжігітова.

– Осындай нысан облыс бойынша 3 жерде ашылып отыр. Олар: Арал мен Қармақшы ауданы және бүгінгі мынау Белкөл кенті тұсындағы нысан. Сондай-ақ Наурыз айында «Qazaq oiI» атауымен бір нысан қайта жаңартылып, іске қосылады деп күтілуде. Шілде айын­да тағы бір бекетімізді қайта жаңғырту жоспарла­нып отыр. Республика көлемінде 400-ге жуық жанар-жағар май құю бекеті бар. Осында 5 кассир, 3 оператор жұмыс істейді. Бір мезетте 15 колонка жұмыс жасайды. Мұнда жанар-жағармайдан бөлек газ құятын орын да ашылып отыр. Барлығы ел игілігі үшін жасалуда, – дейді «Qazaq oiI» жанар-жағар май құю кешенінің бас менеджері Айдар Балғожаев.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: