Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылардың жазғы демалыс лагері басталды

01.06.2022

1431 0

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, – деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Бүгін 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай 60 оқушы «Зерентай» лагеріне демалысқа кетті.

Оқушыларды қалалық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Шолпан Оралбайқызы сәттілік тілеп шығарып салды.

«Зерентай» лагерінде бүлдіршіндердің өз дәрежесінде тынығуы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, арнайы бекіткен бағдарламалары да бар.
Мұнда балалар уақыттарын тиімді, әрі қызық өткізу үшін түрлі ойындар, мұражайға экскурсия жасау, сондай-ақ, спорт, тіл үйірмелері күтіп тұр.


Жалпы 1000-ға жуық баланы жазғы тынығу лагерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: