Жексенбі, 13 қазан, 04:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылуда

20.09.2022

830 0

Қаладағы Абай №47 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Кеше шаһар басшысы Асылбек Шәменов жаңғырту жұмысы жүріп жатқан үйге барып көрді.

Күрделі жөндеу жұмыстарын «Строй Инжиниринг ЛТД» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Модер­низациялау жұмысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаң­ғыр­ту аясында қолға алынған. Жаң­ғырту жұмыстары қазан айының аяғы­на дейін аяқталады деп күтілуде.

– Бұл істің тұрғындар үшін тиім­ді тұсы – үй иелері жөндеу жұмыс­тарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыста­рына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса мердігерге жеткізе отырып, өзгерту енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да сол белсенді топ мүшелері атсалысады. Ең басты талап – істің сапалы, уақытылы аяқталуы. Осыны назарға алыңыздар. Барлығы өз бақылауымда, – деді қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы.

Үйлерінің қайта жаңартылып жат­қанына тұрғындар бек қуанышты. Өз кезегінде біз де тұрғындармен тілдесіп, пікірлерін білген едік.

– Біз модернизацияны ұзақ күттік. Үйіміздің салынғанына 60 жылға жуықтады. Содан бері дұрыс жөндеу көрмеді. Шатырымыздан су ағып, жылу құбырлары мен кәріз жүйесі өте нашар жағдайда еді. Сол шатырымыз дұрысталып жатыр. Су, жылу құбырлары да ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Атқарылып жатқан жаңғырту жұмыстарына көңіліміз толады. Біраз жылға дейін уайымсыз отырамыз деп сенімді түрде айта аламын, – дейді қала тұрғыны Бибіайша Нұрғалиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: