Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі қосшыңырау тұрғындарымен кездесті

02.06.2021

2059 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қосшыңырауға барып, округтің тыныс-тіршілігін көзбен көріп, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аралауда қала басшысы округ құрамына кіретін Абай және Досан елді-мекендеріндегі орта мектептерге аялдап, ұстаздармен тілдесіп, жазғы лагерь жұмысымен танысты. Досандағы 2013  жылы пайдалануға берілген 100 орындық мектепте қазіргі таңда 398 оқушы білім алуда. Оқу ордасы ауыл балаларымен қатар іргелес орналасқан «Бәйтерек» мөлтек ауданының 100-ден аса бүлдіршіндерін қамтып отыр.

Ал Абай ауылындағы сыйымдылығы 624 оқушыға негізделген               №138 орта мектеп, мектептің оқу үдерісі екі ауысымда жүргізіледі.    2020-2021 жылдары   жалпы  474 оқушы білім алған. 1987 жылы өз жұмысын бастаған мектеп осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Бұл мәселеге қатысты қала әкімі жауаптыларға жобалық сметалық құжаттарын дайындап, білім басқармасы арқылы облыстық бюджетке өтінім беруді ұсынды.

Келесі кезекте қала басшысы Абай ауылындағы жалпы тәжірибелі дәрігерлік амбулаториясына барды. Қызмет көрсету аймағына Абай, Досан елді-мекендері кіретін медициналық мекеме 2015 жылдан бері ауыл халқына қызмет етуде. 2019 жылдан бері  ауыл тұрғындарының ұсыныстарына сәйкес Абай ауылының емханасынан 3 орындық күндізгі ем алатын стационар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, екі елді мекендерін қамтып отыратын бір жедел жәрдем автокөлігі беріліп,  қазіргі таңда ауыл тұрғындарына қызмет жасауда. Амбулаторияда жыл басынан  бері   2 931 тұрғын дәрігерлік көмек алған.

Абай және Досан елді мекендері бойынша ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Ауыз су сапасы да жоғары. Тұрғындардың ендігі сұрауы ауылдық амбулатория ішінен дәріхана ашу. Бұл ретте    Ғанибек Қонысбекұлы тиісті жұмыстар жүргізіліп, алдағы уақытта түйіткілдің түйіні тарқатыландығын жеткізді.

Ал ауылымызға газ қашан келеді деген Қосшыңырау жұртына қала әкімі жоспарға сай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айтып «Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде», – деді.        

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: