Дүйсенбі, 04 қараша, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада биыл 26 көпқабатты үйдің қасбетi қапталады

02.05.2023

570 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің қасбеттерін жаңалауға қаражат бөлген кәсіпкерлермен кездесті.

Кәсіпкерлердің бұл игілікті қадамы туған жерге тарту жасаудан туындаған. Қазір Қызылорда облысы әкімінің бастамасымен Қызылорда қаласындағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті қайта жаңғыртылуда.

Жоба бойынша бұл жұмысқа жалпы ауданы 40 000 шаршы метр заманауи материалдар қолданылады. Соңғы үлгідегі, сапалы материалдармен қапталған тұрғын үйлердің қасбеті шаһардың сәулеттік келбетіне жарасымды көрік береді.

Әрлеу жұмыстары жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен жүргізілуде. Алдағы шілде айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір Абай даңғылындағы №46, №54 және №62 үйлер, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары басталып кетті.Аймақ басшысы жұмыс сапасына басымдық берілуі тиіс екенін атап айтты. Жерлестерін туған жерді көркейту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы туған жеріне жанашырлықпен қарайтын кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырған болатын. Бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер, осы топырақтан түлеген меценаттар белсенді араласуда. Қайырымдылық шараларына, атамекенін көркейтуге бар күш-жігерін салуда», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесуден кейін облыс әкімі қолданылатын материалдардың түрлерімен, сапасымен танысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: