Сенбі, 07 желтоқсан, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне қандай сыйлық жасаған жөн?

08.03.2022

955 0

Жыл сайын 8 наурыз мейрамы қарсаңында көп адамдар жақындарына қандай сыйлық жасасам екен деп ойланатыны рас. Қазір түрлі сыйлық жасап, таңқалдырудың әдісі көп. Әрине, ерлер қауымы қалтасына қарай нәзік жандарды қуантып та жатады. Сонымен қыз-келіншектерге қандай сыйлық жасаған дұрыс ?

Нұрсұлтан: – Менің ойымша, мәселе сыйлықтың құнында емес, бастысы әйел затына көңіл аудару керек. Соның өзі жетіп жатыр. 8 наурызда әйеліме көбінесе сыйлық сертификатын тарту етемін. Ал анама раушан гүл құшағын сыйлаймын. Біздің әйелдердің басқа ұлт әйелдеріне қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе Батыс елдерінің өзіндік ментилитеті бар. Олар тым еркін. Бізде қыз бала тәрбиесіне аса мән беріледі. «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді», – деген қанатты сөзбен толықтай келісемін.

Медет: – Ең керемет сыйлық нәзік жандарға көңіл бөлу, гүл және сюрприз жасау. Мереке сайын сүйіктімді жиі қуантуға тырысамын. Мен өзім шетелде оқығанмын, байқағаным қазақ әйелі мен өзге ұлт әйелдерінің арасында айырмашылық айтарлықтай. Біздің тәрбие мен өмірлік ұстанымдар басқаша. Қазір әйел затының дені тәуелсіз болғысы келеді.

Гүлнәр: – Менің жасым 60-қа келіп қалды. Мен үшін басты сыйлық балаларымның амандығы мен бақыты. Балаларым жетістікке жетсе, одан артық қуаныш керек емес. Әрине, мейрам болған соң, гүл сыйласа да қуанып жатамыз. 8 наурызда алған гүлдің жөні бөлек. Көктем келіп, қыз-келіншектер құлпыра түседі. Балаларым жыл сайын гүл сыйлап қуантады, солар аман болсын.

Ернар: – Әйел үшін басты сый ол отбасының тыныштығы мен амандығы. Әйелге керегі жолдасы мен балаларының үнемі жанында болуы. Мерекеде әйеліме гүл, әтір, ал қызыма ойыншық сыйлаймын. Біздің әйелдер өте жігерлі және өзіндік мінезі бар.

Жасұлан: – Ең дұрысы әйелге өзі қалаған затын сыйлау. Менің әйеліме келсек, барлығы оның көңіл-күйіне байланысты. Әйелімді жиі қуантып тұруға тырысамын. Бұған дейін iPhone және робот шаңсорғыш сыйладым. Биыл әлі сыйлық таңдап үлгермедім.

Роза: – Әйел ретінде айтар болсам, біз үшін бастысы жақындарымыздың амандығы. Шаңырақта шаттық ойнап тұрса, балалардың күлкісі естілсе одан артық қандай сыйлық керек? Балаларым мені қуантып жатады, сыйлықтан бұрын көңіл бөлгені маңызды. Жалпы әйел затына көп нәрсенің қажеті жоқ.

Махаббат және Нарғыз: – Бастысы жақын жандардың дені сау болса. Қазір отбасы, бала тәрбиесімен қатар жұмысты қатар алып жүрген әйелдер көп. Мансап қуып жатқан нәзік жандар да аз емес. Біз анамызды жай күні де, мереке күні де қуантуға тырысамыз.

Бақтияр: – Әйел үшін басты сыйлық отбасы шығар. Мереке күні анам мен әйеліме сыйлық жасап, қуантуға тырысамын. Қазақ әйелінің сұлулығы мен нәзіктігі бөлек әңгіме. Біздің әйелдер алдымен отбасының қамын ойлап тұрады. Барша нәзік жанды мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Нұрсұлтан: – Байқағаным, қыз-келіншектер үшін бастысы отбасы бақыты. Қыздарға үнемі назар аударып, көңіл бөлген жөн. Әрине, көңілден бөлек, күтпеген сый жасап, қуантып тұру керек. Жалпы жақын жанды қуантқанға не жетсін.

Нұрлан және Нұржан: – Қазақ әйелінің жаратылысы бөлек. Қазақта әйел заты сабырлы, тәрбиелі, шыдамды және ұлттық, отбасылық дәстүрлерді сақтай біледі. Бұл тәрбие арқылы берілетін қасиет. Одан бөлек, әрине үлкенді сыйлау. Ал сыйлыққа келсек, әйелге көңіл бөліп, үйдің тіршілігіне көмектессең, бала бақсаң, соны өзі жетіп жатыр. Сондай-ақ, мерекеге қарамастан жиі гүл сыйлап қуантып тұру қажет.

ҚазАқпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: