Сәрсенбі, 30 қараша, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (1899)
29.11.2022
PDF мұрағаты

Әйел темір емес, бірақ темірден мықты

06.03.2022

406 0

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбайқызының ойынша әйел бәріне үлгереді.

Көктем мерекесінің әйелдер үшін орны ерекше. Біздің мақсат осынау айтулы сәтте ел ішінде берекелі ісімен, өнімді еңбегімен көрінген қыз-келіншектерді насихаттаудан туған еді. Бүгінде қаланың дамуына өзінше үлес қосып, мемлекеттік қызметте тер төгіп жүрген жандар жетерлік. Соның бірі – Кенжегүл Құрақбаева.

Кейіпкеріміз 1967 жылы бұрынғы Сырдария ауданына қарасты Абай ауылы, қазіргі Қосшыңырау ауылында көпбалалы отбасында дүние келген. Әкеден ерте айырылып, тағдырдың тауқыметін көрсе де ерік-жігері мол, қайратты қыз өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған. Ауылдағы №138 қазақ орта мектебін бітірген ол арман қуып Новосибирск қаласындағы Совет Сауда техникумына оқуға түсіп, «есепші» мамандығын алып шығады. Таным көкжиегін кеңейтіп, білімін жетілдіріп отыратын еңбекқор қыз кейін Қарағанды экономикалық университетінің «қаржыгер» мамандығын тәмамдайды. Сол жылы жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен облыстық зейнетақы және жәрдемақы төлеу басқармасына маман ретінде жұмысқа орналасып, уақыт өте келе жетекші маман, бас маман, бөлімше меңгерушісі, басшының орынбасарынан қазірге дейін мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

Бүгінде екі ұл, төрт немере тәрбиелеп отырған кейіпкеріміз саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнап, қиындығы мен қызығы қатар өткен 35 жыл еңбек өтілінде біршама жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ, қала, облыс әкімінен Алғыс хаттар алып, Құрмет грамотасымен және «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалімен марапатталған.

– Менің мақсатым – халыққа сапалы қызмет көрсету. Сондықтан әріптестерімді үнемі адал да сапалы қызмет көрсетуге шақырып отырамын. Біздің қызметімізді халық бағалайды. Өйткені әлеуметтік сала – бұл еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін қызмет көрсететін, адам өмірімен тікелей байланысты жұмыс. Осы жолда әлі хал-қадірімізше халыққа еңбек етсек дейміз, – дейді Кенжегүл Құрақбаева.

P.S. Бүгінде қоғамның барлық саласында еңбек етіп жүрген аруларға тәнтімін. Әйел дәрігер, мұғалім, заң саласы, тіпті құрылыс саласында да еңбек етеді. Кәсіпкер қыздар да аз емес. Әйелді темір емес дейміз, бірақ темірден мықты.

Ақтілек БІТІМБАЙ

Тағы да оқыңыз: