Сенбі, 04 мамыр, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Әйелім көкбет емес»: Құдайберген Бекіш құпиясын ашты

27.06.2023

966 0

Танымал әнші Құдайберген Бекіш “Ұйқым келмейді” бағдарламасында алпыстан асқан шақта жас көрінуінің сырымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Сол заманда туған менің қатарластарым қартаймайды. Ол кезде халықтың ниеті түзу, Facebook, Instagram жоқ. Ел тыныш өмір сүрген, жұмыссыз адамдар жоқ, мемлекет халықты түгелдей қамтамасыз еткен кез еді. Бізді туған кезде шешелеріміз стресс алмаған. Шынына келер болсақ, мен спортты жақсы көремін, өзіммен жұмыс жасаймын. Өнер академиясында оқып, жұмыс істеген кезде өзіммен жұмыс жасау деген әдет қалыптасты. Күніне 8-10 шақырым жүремін. Жүрмесем ұйықтай алмаймын. Адамның ішкі жан дүниесі де таза болу керек. Қазір бірін-бірі мақтап, даттайтындар көп. Мен біреудің өміріне араласпаймын. Әркім өз тағдырына өзі жауап береді. Одан қалды, менің тамаша жостарым бар. Әйелім жақсы адам, көкбет емес. Ұлым, немерем бар, келінім тіпті жақсы. Сол себепті адам өз өмірімен өмір сүру керек. Қолдан келсе жақсылық жасау керек”, – дейді әнші. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: