Жұма, 03 мамыр, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік нысандар құрылысына партиялық бақылау жасалды

16.06.2023

389 0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан Қызылорда қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді. Партиялық бақылау тобы алдымен қаланың сол жағалауындағы ауысымына 100 адам қабылдайтын емханасы бар, онкологиялық бөлімшесімен 300 төсектік көбейінді аурухана құрылысы, мұнан соң СПМК-70 мөлтек ауданындағы №3 тұрғын үй орамының инженерлік инфрақұрылымы, абаттандыру жұмыстары сонымен қатар «Бәйтерек» шағын ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысымен танысты. Көп бейінді аурухана 36 млрд теңгені құрайтын үлкен жоба. Болашақта бұл қала халқын емес, облыс тұрғындарына да қызмететін медициналық нысан құрылысын «SHEBER BUILD» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс жұмысына партиялық бекет орнатылып, пайдалануға берілгенше партиялық бақылауда болмақ. СПМК-70 мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Алайда комиссия мүшелері мердігерге балалар жазғы демалыста үйде отырғандығын атап өтіп, бірінші кезекте олардың қауіпсіздігін екіншіден, ертерек ауладағы ойын алаңдарымен қамтылуын, тұрғын үйге азаматтардың көбірек қоныстануына жағдай жасалса деген ұсыныс білдірді. Мұнан соң партиялық бақылау тобы көптен бері тұрғындардың арасында әңгіме болып жүрген «Бәйтерек» шағын ауданындағы білім ордасы құрылысына барды. Бұл нысанға да партиялық бақылау бекеті орнатылған. Білім ордасының құрылыс жұмыстары құжаттарды рәсімдеу салдарынан ұзақ тұрып қалған болатын. Алайда мердігерлер биылғы оқу жылына дейін пайдалануға беретіндіктерін атап өтті. Комиссия мүшелері зерделеу барысында анықталған кемшіліктерге қатысты әрбір нысанға тапсырыс беруші, мердігер, техникалық бақылаушы, жобалаушы, мемлекеттік сараптамашы да жоғары жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: