Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік саланы қолдау бағыты және бөліммен атқарылған жұмыстар туралы брифинг өтті

27.01.2022

948 0

Баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева баяндады.

2021 жылы қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметіне 14 357 адам жүгінген, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтар саны 7606 құрайды.

– Жалпы, 2021 жылы 10648 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі – қалада ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу. 2021 жылы 12 рет ауқымды «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 130 мекемеден 1156 бос жұмыс орындарына сұраныстар ұсынды. Өткізілген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңке нәтижесімен 297 адам тұрақты жұмысқа тұрып, 643-ке жуық адам кеңес алды, – деді бөлім басшысы Кенжегүл Құрақбайқызы.

Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 35 азамат жолданып, оның 29-ы оқу курстарын аяқтады және тұрақты жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 627 адам оқытылып, олардың ішінен 17-і несие алды, 468-і мемлекеттік грантқа ие болды. Жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 1082 азаматқа мемлекеттік гранттар берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша қоғамдық жұмыстарға 3474 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 270 адам, жастар тәжірибесіне 831 жас маман, «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 34 азамат жұмысқа жолданды.

Жыл көлемінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі арқылы 92 813 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 33281 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 5414 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. 6773 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9369 адамға көмек көрсетілді.

Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша 1 топ мүгедектеріне 911 жеке көмекші, 135 есту кемістігі бар адамдарға 15 ымдау тілі маманы қызмет көрсетіп, 13 инватакси қызметімен қамтамасыз етілді. 470 үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар бала материалдық қамтамасыз етілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: