Сейсенбі, 16 сәуiр, 18:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы Президент атынан соғыс ардагері Сәрсенбек Байжановты құттықтады

09.05.2022

515 0

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы зиялы қауым өкілдерімен бірге Шиелі ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбек Байжановтың үйіне барды.

«Біз қай кезде де ардагерлерімізді ардақтап, майдангерлерімізді құрмет биігіне шығарған елміз. Сіздер Отанымызға Жеңістің жалауын желбіретіп, бейбіт заманды келер ұрпаққа аманат еттіңіздер! Соғыс жылдары Сталинградтта шайқасқа қатысып, бейбіт өмір үшін аянбай күрестіңіз. Арамызда аман-есен жүріңіз», – деді Н.Нәлібаев.

Өңір басшысы бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, майдангер ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізіп, иығына шапан жауып, арнайы сыйлықты табыстады.

Майдангер Сәрсенбек Байжанұлы елге тыныштық тілеп, ақ батасын арнады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: