Сенбі, 21 желтоқсан, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті

17.11.2021

1044 0

 «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау», «Білім және ғылым» бағытындағы аймақтық кеңес мүшелері Жаңақорған ауданында болып,  партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары мен облыстық, аудандық сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша аталған бағытта  атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізді.

Кеңес мүшелері алдымен Жаңақорған шипажайында болып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін орталықтың бейімделуі мен әлеуметтік портал арқылы атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеді. Мұнан соң жұмысшы топ № 28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжай-балабақшаның және М.Қаратаев атындағы № 51 орта мектептегі аудандық сайлауалды бағдарламаның 54 тармағы негізінде ашылған инклюзивті кабинеттің жұмысына шолу жасады.

Аймақтық кеңес мүшелері сапар барысында ағымдағы жылдың сәуір айынан өз жұмысын бастаған «Бақытты отбасы» мекемесінде болып, орталықтың жұмыс барысымен және халыққа қандай жағдайлар жасап отырғандығымен танысты.

Жұмыс сапарын қорытындылау үшін кеңес мүшелері жауапты сала мамандарын қатыстыра отырып, аудандық партия филиалының ғимаратында көшпелі отырыс өткізді. Жиынды «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық кеңес төрағасы А.Есқараева ашып, жүргізіп күн тәртібіндегі мәселені тарқатып айтты.

Отырыста аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев сөз алып, аумақ бойынша Жол картасының әлеуметтік және білім бағытының орындалуы барысын баяндады.

Сондай-ақ жиында кеңес мүшелері «Бақытты отбасы» мекемесінің қазіргі ғимараты халыққа сәйкес келмейтінін айтып, мүмкіндігінше көлемі үлкен ғимаратқа ауыстыру туралы аудан әкімінің орынбасарына ұсыныс берді. Отырыста кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Абибуллаева Аида М.Қаратаев атындағы 51 орта мектептегі инклюзивті кабинетке мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенді келмейтінін айтып, олардың ата-аналарына насихат жүргізіп, арбада отыратын балаларды арнайы көлікпен тасымалдауға жағдай жасау қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді.

Жиында кеңес мүшелері 2020 жылғы партиялық бақылау комиссиясының  мониторинг жұмысы барысында №28 «Алпамыс» санаториялық бөбекжай-балабақшасына берілген сын-ескертпелер бойынша балабақша ғимаратының жұмыстары толықтай жөндеуден өтіп, кемшіліктері түзетілгенін де тілге тиек етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: