Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Алматының жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданы аталды

23.02.2023

683 0

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз ауданды атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы – республикамыздың сейсмикалық қауіпті аймақтарының бірі. Алматы тектоникалық плиталардың 27 қауіпті жарылу аймағында орналасқан. Олардың негізгілері – қаланың таулы аймақтары. Барынша қауіпсізі – Түрксіб ауданы, қалғандарының бәрі – Медеу, Бостандық аудандары опырылу орындарын орналасқан, сондықтан қауіп жоғары», – деді Күлшімбаев.

Оның айтуынша, 9 және одан да көп баллдық жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы тұрғын үйлердің 30 пайызы зардап шегеді.

«Қаланың 60-70 пайызы қирайды ма, мен мұнымен келісе алмаймын. Бірақ болжам бойынша, 9 балл және одан жоғары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда тұрғын үйлердің 30 пайызына дейін қирауы мүмкін. Тиісінше, қандай шығын болатынын қарастыру қажет», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: