Жексенбі, 28 сәуiр, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелген

10.02.2023

914 0

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні Алматы уақытымен 14.44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 7.9. MPV магнитудасы – 3.4. Эпицентр координаттары – 42.38° с.е. 76.12° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ»,- делінген хабарламада.
Бұл Алматы маңында бір тәулік ішінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Сағат 11:24-те қазақстандық сейсмологтар 4,5 балдық жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: