Жұма, 29 наурыз, 00:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Алғыс айту күнінде студенттермен кездесу өтті

03.03.2022

925 0

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында «Алғыс айту – ізгілік сыйлау» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің алғы сөзін Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Айтжан Оразбақов бастап, аталмыш мерекенің өзектілігіне тоқталды.

Кездесуге Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының қызметкері Гульчин Гейдарова және аталған университеттің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Алмагүл Абдразақова қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Кездесуге қатысқан студенттер 1 наурыз – Алғыс айту күні жайында мол мағлұмат алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: