Бейсенбі, 09 мамыр, 05:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы ұсталды

09.03.2024

376 0

Белгілі қоғам қайраткері, журналист және белсенді Рысбек Сәрсенбайұлы бүгін сағат 11-де Алматыда ұсталды. Бұл туралы адвокат Айнұр Айдарханова мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Рысбек Сәрсенбайұлы мен құқық қорғаушы Маржан Аспандиярованы Талғар ауданының полиция басқармасына алып кеткен.

Ұстау себебі әлі хабарланған жоқ. Осы уақытта Сәрсенбайұлы Алматыдағы Республика алаңында «саяси тұтқындары жоқ Тәуелсіз мемлекет» атты баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлағаны белгілі.

Сәрсенбайұлы митинг емес, тек журналистермен және блогерлермен әңгіме өткізетінін айтты.

Әлеуметтік желіде журналистер Рысбек Сәрсенбайұлын полиция бөлімінен ауруханаға жеткізілгенін хабарлауда. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулығы жайлы дәрігерлер ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, Рысбек Сәрсенбайұлы – Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы.

2006 жылғы 13 ақпанда бұрынғы ақпарат министрі және оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы оққағары мен жүргізушісімен бірге өлі күйінде табылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: