Жексенбі, 06 қазан, 03:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Алматыда сібір жарасын жұқтырғандар көбейді

10.09.2024

293 0

Алматы облысының Ұйғыр ауданында сібір жарасының 11 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

9 қыркүйектегі жағдай бойынша сібір жарасы күдігімен 16 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 11-інде диагноз расталды.

“Төртеуінің нәтижесі теріс, тағы бір науқастың анализі нақтыланып жатыр. Науқастардың барлығына қажет ем қабылданып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Үлкен Ақсу ауылында карантин енгізілді. Әкімдік эпидемиологиялық ошақты оқшаулап, инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық шара қабылданғанын айтып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да «ауру ушығып жатқан жоқ, жағдай бақылауда» деп атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: