Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Алтай ауданына әскер мен техника жіберілді

07.04.2022

1227 0

Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіптердің алдын алу және мониторинг жүргізу мақсатында Алтай ауданына 68303 әскери бөлімінің 15 әскериі мен 2 техника жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жіберілген күштер мен құралдар Зубовск кентінде су тасқынын бақылайтын 2 бекет ұйымдастырған.

«Әскерилермен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заречный көшесінде 25 метр арық жүйелері мұздан арылды, Грязнушка өзеніндегі көпірдің асты ені 2 метр, тереңдігі 70 сантиметр тазартылды. Лазо көшесінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерден бастап, ұзындығы – 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйелерін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: