Жексенбі, 12 мамыр, 02:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

«Алты ұлттың қаны бар». Мақпал Исабекова ұлына қатысты сұрақтарға жауап берді

17.02.2023

764 0

Сурет: instagram.com/makosyai

Жақында тұңғышын көпшілікке таныстырған әнші Мақпал Исабекова оқырмандардың ұлына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отбасылық өмірі туралы көп айта бермейтін Мақпалдың күйеуі де, оның ұлты да көпшілікке қызық. Өнер иесі сондай бірқатар сұрақтарға жауап берді.

“Неге ұлыңыздың есімін Теодор деп қойдыңыз?” деген сауалға әнші: “Тегімен, әкесінің атымен үйлессін деп ұлымыздың есімін күйеуім таңдады. “Теодор” грек тілінен “Құдайдың сыйы” деп аударылады. Күйеуімнің есімі де грек тілінен алынған”, – деп жауап қайырды.

Өнер иесі ұлының ұлтын нақты айтпады және оқырмандардан мұндай сұрақтар қоймауын өтінді.

“Ұлымда алты ұлттың қаны бар. Ол – әлемнің азаматы. Мұндай сұрақтар қоймаңыздаршы. Маған ұнамайды”, – дейді Мақпал.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: