Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасы аясында Жалағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Соның ішінде Ақсу ауылында жол инфрақұрылымын дамыту бағытында нақты істер қолға алынып, ел игілігіне бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Қазіргі таңда ауылдағы М.Әуезов, Т.Қожақұлов және Ақбөгет көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, тағы үш көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті ұсыныстар жолданды.
Айта кету керек, өткен жылы Беркінбай кәлпе – Жалағаш бағытындағы автожолға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жол толықтай асфальт төселіп пайдалануға берілген болатын.
Бүгінде Ақсу ауылы тұрғындары көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұдан бөлек, электр желілерін жаңарту бағытындағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жалғасуда.
Ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту – халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты кепілі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
