Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 09:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ассамблея жастары жаңаша бағытта жұмыс жасайды

25.03.2022

1036 0

Қызылорда облыстық Ассамблея жастарының бірінші отырысы өтті. Жастар ұйымының белсенділерімен облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов кездесті.

«Өңірдің дамуына жастардың қосар үлестері қомақты. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың қызығушылықтарына құлақ түріп, дамытуға жол ашу аса маңызды. Осы арнада сіз бен біз болып жұмысты ілгерлетуіміз керек»,- деді Болатбек Айтбенбетов.

Еркін форматта кездесуде ұйымның жаңа жетекшісі таныстырылды. Енді ұйымның жұмысын тіл жанашыры, «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Елена Пак жүргізеді. Ол кездесу аясында өңірдегі ассамблея жастар ұйымын кешенді дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

«Бүгінгі таңда Ассамблея жастары ұйымын кешенді дамыту үшін алты магистральдық жоба анықталды. «Social Assambly» негізгі бағыты – жастарды әлеуметтік қолдау, білім деңгейін арттыру және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету. Жоба «жастар жастарды үйретеді» форматында жоспарланған: өңірлерде, әсіресе моноқалалар мен ауылдық жерлерде көшбасшылардың жастармен self-made кездесулері өткізіледі. Жастармен жұмыстың келесі бағыты мемлекеттік тілді үйрену. Осы ретте «Бірлік тілі» түрлі этностардың жастары қазақ тілін үйренетін Speaking-club нетворкинг-алаңы ашылады. Жастар «Ел мұрасы» тарихи-мәдени мұрасын сақтау және экология мен қоршаған ортаны қорғау жобаларын жүзеге асырады»,- Болатбек Айтбенбетов.

Кездесуде сұрақтар қойылып, соңы пікір алмасумен аяқталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: