Сейсенбі, 23 сәуiр, 21:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Атамекен» балалар ауылындағы үйлердің біріне қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгердің есімі берілді

08.04.2022

1410 0

 Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан жауынгер, ІІІ дәрежелі Айбын орденінің иегері Қайсаров Мадиярдың атына «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы үйлердің біріне есімі берілді.

Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Маханбетов Ғалымжан, 5547 әскери бөлімінің командирі подполковник Чубаев Төлеби, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абдикаримов Ерлан және батыр жауынгердің ата-аналары мен әскери қызметшілер, балалар ауылын тәрбиеленушілері қатысты.

Шара ең алдымен бейбіт күннің батыр жауынгері Мадияр Оразалыұлын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды. Мұнан соң, басқарма басшысы сөз сөйлеп, батырға арнап үйдің есімі берілуі оған деген құрметтің белгісі екенін, жастарымыздың патриоттық сезімін оятып, оларды елге деген алаңдаушылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу екенін жеткізді.

Шарада жауынгер қызмет еткен 5547 әскери бөлімнің командирі подполковнигі Чубаев Төлеби мен ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абдикаримов Ерлан, Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Маханбетов Ғалымжан сөз сөйлеп, Мадиярдың өз жұмысына адал болғандығын айтып еске алды. Сондай-ақ, батыр жауынгердің ата-аналары ұлдарына арнап үйдің есімін берген облыстық білім басқармасы мен балалар ауылына ризашылықтарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қайсаров Мадияр қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Бүлікшілер әскери жүк көлігін қолды етіп, оны сарбаздарға бағыттаған. Сол сәтте Мадияр батыр жанындағы серіктерін итеріп үлгеріп, өзі камаз көлігінің астында қалған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: