Сенбі, 27 сәуiр, 09:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

22.05.2023

773 0

“Автокөлік тарихы” сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемадан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан “автокөлік тарихы” қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;

– бұрынғы иелерінің санын;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис “102” және “Halyk Bank”, “Bereke Bank”, “CenterCredit”, “ForteBank” мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ “автокөлік тарихына” “бірыңғай сақтандыру деректер базасын” қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: