Дүйсенбі, 25 қараша, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы алға жылжуда

06.12.2022

1685 0

Еліміздің басты игілігі – жер. Ал ауыл шаруашылығы Қазақстан эконоимикасындағы негізгі сала. Осыған орай бүгінде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында түрлі мемлекеттік жобалар жүзеге асуда.

Осы жылы егін шаруашылығы бойынша, Қызылорда қаласында барлығы 9036 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: негізгі дақыл күріш 3406 гектар, бидай 482 гектар, арпа 5 гектар, қант құмайы 189 гектар, мақсары 70 гектар, көкөніс, картоп, бақша 2823 гектар (картоп 503 га, көкөніс 1330 га, бақша 990 га), жаңа жоңышқа 994 гектарға егілсе, ескі жоңышқа 1067 гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы алға жылжуда

Биылғы жылдың егісіне 1019тонна күріш тұқымы құйылып, 23,3 пайызы отандық,76,7 пайызы Ресейлік сорттарды құрады. Ал, қажетті минералдық тыңайтқыштың көлемі 3745 тоннаны (аммоний сульфаты 2198 тн, карбамид 997тн, аммофос 550тн), арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің көлемі 3634литрі сатып алынып, күріш дақылын күтіп-баптау бойынша 1900 гектары үстеп қоректендірілсе, 1800гектары гербецидпен өңделді.

Сонымен қатар, қала бойынша егілген, 442 гектар жаздық бидайдан 442 тонна (орта өнім гектарына 10,0 цн), 169 гектар қант құмайынан 355 тонна (орта өнім гектарына 21,0 цн) өнім жиналды. Егілген 3282 гектар күріштен барлығы 17 000,9 тонна өнім жиналып, орта өнім 51,8 центнерді құрады. Сондай-ақ, картоптан 6438,4 тонна, көкөністен 17423,0 тонна, бақшадан 12721,5 тонна өнім жиналды. Айта кету керек, орта өнім картопта 128,0 центнер, көкөністе 131,0 центнер, бақшада 128,5 центнерді құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша 4073 тонна ескі жоңышқа шөбі жиналды.

Вегетация кезеңінде су тапшылығы ықтималдылығына байланысты «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы арқылы 2 дана, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 3 дана СНП-500 су қондырғысы алынып берілді.

Ауыл шаруашылығы алға жылжуда

Су тапшылығына байланысты биылғы жылы тамшылатып суару технологиясымен Қызылөзек ауылдық округінен «Үміт» шаруа қожалығы 8 гектарға картоп, Қарауылтөбе ауылдық округінен «Ы.Жахаев атындағы Қазақ Күріш ҒЗИ» ЖШС-і 3 гектарға қызанақ егілді. Сонымен қатар, жаңбырлатып суару технологиясымен Ақсуат ауылдық округінен «Алдан» шаруа қожалығы 200 гектар жаңа жоңышқа егілді.

Күзгі егін жинау науқанына 24 дана жатка, 39 дана комбайн, 91 дана трактор, 22 дана трактор тіркемесі мен 5 дана жүк көлігі қатысты. Күзгі егін жинау жұмыстарына қажетті 478 тонна дизель отынын жеткізуші операторлар болып «РК Мұнай» және «Нефтьтранс – Қызылорда» ЖШС-тері белгіленді. (әр литрін 222 теңгеден).

Сондай-ақ, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жылыжай шаруашылығына тоқтала кетсек. Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты «КазАгроМир» ЖШС-нің құны – 1,1 млрд. теңгені құрайтын Ақсуат ауылдық округінде көлемі 2,2 гектар автоматтандырылған кешенді жылыжай құрылысы жұмыс жасауда. Биылғы жылдың қаңтар айында егілген қияр өнімінен, 180 тоннаға жуық өнім жиналды. Шағын жылыжай кешенін дамытуда жаңадан жалпы көлемі 1300 шаршы метрді құрайтын 2 дана жылыжай кешені жұмысын бастады. (ЖК Шапағат 600 ш.м., ЖК «Grenn house» 700 ш.м.)

Ауыл шаруашылығы алға жылжуда

Олар: Ақсуат ауылдық округі Жаңадария өңірінен ЖК «Шапағат», Қызылжарма ауылдық округінен «Green house» ЖШС-нің жылыжайы. (күнделікті 100 киллограмға жуық қияр өнімдері өндірілуде)

Сонымен ,  «Қызылорда өңірілік инвестиция орталығы» тарапынан жылыжай кешенін салуға 13,0 млн. теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданып, бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары аяқталды.

Ал мал шаруашылығы саласы бойынша, қалада осы жылдың 1 қарашасына 28 007 бас мүйізді ірі қара, 29 977 бас қой мен ешкі, 12 287 бас жылқы, 2 710 бас түйе, 14 739 бас құс өсірілуде. Биылғы жылдың 1 қарашасын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 9 пайыз, қой-ешкі 14,9 пайыз, жылқы 28,8 пайыз, түйе 14,9 пайызға артса, құс – 98,1 пайызды құрады.

Бүгінгі күнге 1 790,5 тонна ет тірідей салмақпен, 4 286,9 тонна сүт, 626,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен ет өндіру 4,4 пайызға, сүт өндіру 0,7 пайызға, жұмыртқа   2,7 пайызға артты. Сондай-ақ, балық шаруашылығы бойынша Қызылорда қаласы бойынша 12 су айдыны (көлдер) тіркелген. Анықтамалық: Қалғандария (Бірқазан), Талдыкөл, Жаманкөл №1 уч, Жаманкөл №2 уч, Иіркөл, Сасықкөл, Қалғандария-30, Ермекбай, Иіркөл (Прудхоз), Дүтбай, Иіркөл ПМК-29, Мухамбетжан. Оның ішінде тауарлы балық өсіретін  көлдер саны 7-еу. Анықтамалық: «Қалғандария (Бірқазан)», «Сасықкөл», «Қалғандария – 30», «Ермекбай», Иіркөл(Прудхоз)», Дүтбай, Иіркөл ПМК-29

 Бағдарламаның 15 тармағына сәйкес (Қызылорда облысының балық шаруашылығын дамыту үшін ЖСҚ әзірлеу және мелиоративтік жұмыстарын жүргізуге) өңірлік бағдарламасына енгізілген су айдындарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидротехникалық құрылыстар қажет ететін орындары белгіленіп зерттеу актісі  Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылған. Сонымен қатар, мелиоративтік жұмыстар жүргізілетін жерлерді (гидротехникалық құрылғылардың құрылысына арналған) қалалық жер қатынастары бөлімімен 7 тауарлы көлге тоспа кәріз құрылысы үшін іздестіру жұмыстарын жүргізуге 3 (үш) жыл мерзімге «Табиғат» ШЖҚ МКК-не  қала әкімдігінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы   №1762 қаулысымен табысталды.

Өткен жылы қаланың тауарлы су айдындары бойынша 6,9 тонна балық өнімдері өндірілген болса, 2022 жылға 18,5 тонна өнім өндіру жоспарланып табиғат пайдаланушылармен орындалуда.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы «Қалғандария-30», «Сасықкөл» су айдындарына 1,3 млн. теңге қаржы бөлініп, мелиоративтік жұмыстар жүргізудің жобалық сметалық құжаттары әзірленді.

Ауыл шаруашылығы алға жылжуда

Бүгінгі күнге қаладан су айдынын пайдаланушы  ЖК «Нуртаев», балық шаруашылығын дамыту мақсатында 1 тоған шаруашылығын құрып,  көршілес Түркістан облысынан 5000 дана сом тұқымдас балық шабақтарын әкеліп өсіріп, қала халқына ұсынылды.

Сонымен қатар,  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы на ерекше тоқтала кетуге болады. Елімізде ауылға жоғары білім алған тапшы мамандарды жіберу үрдісінің қолға алынғанына да біраз уақыт болды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша атқарылған нәтижелі іс аз емес. Бұл бағдарлама жас мамандарға берілген жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл-аймақты қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009-2014 жылдары қолға алынып, жылдан жылға жаңғырып келеді. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

Осы жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 33 млн 693 мың теңге (110 маман), бюджеттік кредитке
114 млн 863 мың теңге (25 маман) бөлінді, аталған қаржы толық игерілді.

 «Дипломмен – ауылға» жобасында жас түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол. Оның үдесінен шығу, үлкен жауапкершілік. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы. Себебі ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы. Әсіресе жас маманға үлкен мектеп. Қазіргі кезде бұл бағдарламаға ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әрбір денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жас мамандар қатыса алады.

Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округ және кенттерге жұмыс істеуге барған мамандар саны жылдан-жылға артып келеді. Бүгінге дейін барлығы  838 жас маман жұмыспен қамтылып, бірінші көтерме жәрдемақы алды. Ал оның ішінде 280 жас баспаналы болды.

Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді.  Жастардың ертеңіне жарқын жол ашатын бұл бастама еңбек жолын ауылдан бастаған жас мамандарға мемлекет тарапынан берілген үлкен көмек. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – бұл бағдарлама игілігін көріп отырған, ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп жүрген Айдана Өтетілеуқызы. Ол 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қаладағы №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің түлегі.  Айдана 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінде математика мамандығы бойынша білім алды. Сол жылы қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округінің №144 С.Әлжіков атындағы орта мектепке жұмысқа орналасқан. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2012 жылы бірніші берілетін көтерме қаржыны алып, 2013 жылы үй алу үшін 2 млн 600 мың теңге қаржылай несиеге қол жеткізді. Бүгінде өз өмір жолын айқындап, мемлекет тарапынан баспаналы болып, басқа жастарға үлгі болып келеді.

– Қолына дипломын  алған жас маманнан қызметке тұру үшін қай жер болмасын еңбек өтілін сұрайды. Оқуын енді бітірген жаста еңбек өтілі қайдан болсын? Міне, осы мақсатта бірнеше жылдан бері елімізде қолға алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өз жемісін беріп келеді. Жоба аясында жас мамандар жұмысқа орналасып, үй алып, жағдайын түзеуде. Еліміздің болашағына өз үлестерін қосып, адал еңбек етуде. Жас болсам да ата-анама салмақ салмай, үйлі болып, ел қатарлы өмір сүріп келемін. Бұл біз үшін, біздің жас отбасымыз үшін үлкен жетістік. Бүгінде Қызылжарма ауылдық округінің тұрғылықты тұрғынымын. Мектепте жұмыс істеп келе жатқаныма биыл 10 жыл толады. Әрі қарай да бұл білім ошағында жұмысымды жалғастырамын, – деді Айдана Өтетілеу.

Бүгінгі кейіпкеріміздің жеткен жетістіктері де аз емес. Атап айтсақ,  А.Жұмаділдаев атындағы «Жас математиктер» байқауының жеңімпазы. Сондай-ақ облыстық «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Жас та болса шәкірт тәрбиелеп жүрген Айдананың оқушылары да түрлі байқаулардан жүлделі орындарды иеленіп жүр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: