Жексенбі, 12 мамыр, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Апатты үйдің мәселесі басты назарда

13.01.2024

601 0

Сурет: Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалада апатты деп танылған көпқабатты 51 үй бар болса, ондағы 628 тұрғын пәтер кезегінде тұр. Осындай апатты үйлердің 22-і Тасбөгет кентінде орналасқан. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланы аралау барысында шаһар басшысы Серік Қожаниязов Тасбөгет кентіндегі апатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Серік Салауатұлы өтініштердің назардан тыс қалмайтындығын жеткізіп, жаңадан салынатын көпқабатты үйлерден аталған санаттағы азаматтарға кезектілік тәртібімен жыл сайын 100-ден астам пәтер табысталатындығын айтты. Осылайша алдағы 5-6 жылдың көлемінде қаладағы апатты тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу жоспарлануда.

Өздеріңізге белгілі, кенттегі үйлердің бірқатары ескірген. Өжірелері, ауыз су және кәріз жүйелері мен қасбеттері, шатырлары жөндеуді қажет етеді. Осыған орай, шаһар басшысы биылғы жылы жөнделетін 19 үйдің тізімін бекітіп, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, техникалық паспорты жоқ кейбір үйлердің құжаттарын рәсімдеуді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: