Сенбі, 27 сәуiр, 12:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Елді мекенді абаттандыру мәселесі талқыланды

05.03.2024

720 0

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында абаттандыру және көгалдандыру мәселелері талқыланып, тапсырмалар берілді. Тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

Мәжілістен кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көркейту- көгалдандыруға қатысты міндеттерді пысықтады.
«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырды. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді. Ол бойынша елді мекендерге ағаш отырғызу межеленген. Соңғы жылдары көп жұмыс атқарылды, биыл да жалғасын таппақ. Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда қаласы қарқынды дамып келеді. Қала аумағы кеңейіп, жаңадан тұрғын аудандар бой көтеріп, халық саны да артты. Бұл тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыруды, қала аумағын көркейтіп, көгалдандыруды,абаттандыруды қажет етеді», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы өткен жылдан бері абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын наурыз айында бастауды тапсырғанын, жұмыстарды кешікпей қолға алатын уақыт жеткенін ескертті.

Жұмыстың сапалы орындалуы да аса маңызды. Облыс әкімі абаттандырылған нысандардың көп уақыт өтпей бұзылатынын, яғни сапасына мән берілмейтінін сынға алды. Қала және аудан әкімдеріне соңғы 3 жылда абаттандырылған нысандарды қайта қарап шығып, кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде міндет жүктеді. Абаттандыруды бастамас бұрын инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуды да ескеру қажет.

Жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру үшін 2024-2025 жылдарға арналған елді мекендерді абаттандырудың іс-шара жоспарын әзірлеу тапсырмасы берілді. Қала, аудан әкімдіктері биылғы ағаш отырғызу жоспарын көктем мезгілінде толық орындауы қажет.

Еске салсақ, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды және 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: